Bugin
Фото: Қазгидромет орталығы
Биыл мамыр-маусым айларында ауа температурасы нормадан бірнеше градусқа жоғары болады. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазгидромет өртті болжамайды, тек өрт қауіпінің туындау жағдайларын болжайды. Жыл сайын ең қауіпті кезең 15 сәуірде басталып, 15 қазанда аяқталатындықтан осы аралыққа болжам жасалынады. Аталған аралықтың басында қар еріп, соңында жаңбыр жауады.
Шілде және тамыз айларында синоптиктер ауа температурасы нормадан аспайтынын болжайды. Мамыр мен тамыз айларында жауын-шашын қалыптыдан аз болады деп болжанды. Қазгидрометтің хабарлауынша, 2024 жылдың мамыры ауа райы 2021 жылдың мамырына, ал биылғы жаз 1994 жылдың жазына ұқсас болады. Бұл жағдай Қазақстанның басым бөлігінде жоғары және төтенше өрт қаупімен байланысты.