Bugin

“Мектептерге кіріп, балаларды өлтіруге дайынмын“: желіде қауіпті жазба тарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Астана қаласы ПД

Телеграмм арналардың бірінде әлдебіреудің Астана мектептеріне шабуыл жасайтыны туралы жазба тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

Жазбада әлдебіреу Астана мектептеріне шабуыл жасауға дайын екендігін айтып, қарудың суретін жариялаған.  

“Ертеңді күту ғана қалды. Мен сендерді ешқашан ұнатпадым. Түкіргенім бар... Бәріңнің өмірлеріңді қиямын” - деп жазған белгісіз адам.  

Астана қаласының полиция департаменті жазбаның шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ осы сипаттағы жалған хабарлама таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлады.