Bugin
Фото: ашық дереккөз
Пәкістанда су тасқыны салдарынан қаза болғандар бар. Әсіресе Белуджистан мен Хайбер-Пахтунхвадағы жағдай күрделі, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Өңірде опат болған адам саны 70-тен асты. Тағы 50 адам ауыр жарақат алды. 600-ге жуық үй қирап, мыңдаған егістік алқаптары бүлінді. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Дегенмен мамандар қауіп әлі күшейетінін ескертті.