Bugin
Фото: freepik.com
Ақмола облысында жас баланың өліміне байланысты полиция іс қозғап, тергеу амалдарын бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы inform.kz-ке сілтеме жасап.
Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
"Полиция департаменті жас баланың өліміне байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі (кісі өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары және басқа да процессуалдық шаралары жүргізіліп жатыр. Баланың өліміне күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", – деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі.