Bugin

WhatsApp пен Telegram қосымшалары өшірілді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Американдық Appleкомпаниясы жергілікті биліктің талабына байланысты қытайлық App Store-дан WhatsApp, Telegram, сонымен қатар Threads секілді мессенжерлерді өшіріп тастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Өзге де шұғыл ақпараттарды Telegram арнамыздан оқи аласыз.

WhatsApp пен Threads, сондай-ақ Signal, Telegram және Line секілді хабарлама алмасатын қосымшалар жұма күні қытайлық App Store-дан өшірілді.

Apple жұмыс істейтін елдің заңдарын сақтауға міндетті екенін мәлімдеді. Бірақ бұл компанияның биліктің ұстанымымен келісетінін аңғартпайды деп отыр. Тим Кук компаниясы өкілдерінің мәліметінше, Қытай билігі қосымшаларды қауіпсіздік мақсатында да өшіруді талап еткен. Дегенмен АҚШ бұған жауап ретінде TikTok-ты бұғаттай ма, ол жағы әзірге белгісіз. Бірақ кейбір штаттар осындай бастама көтеріп жатқан.