Bugin

Атырау қаласының әкімі кенеттен қайтыс болғаны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

ТЖ жөніндегі жедел штабтың жалған аккаунтында Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.


"Ақпарат шындыққа жанаспайды. 19 сәуірде Атырау қаласының әкімі жедел штабтың отырысына қатысып, қаладағы су тасқынына дайындық барысы туралы кезекті баяндама жасады. ТЖ режимі аясында жалған ақпарат таратқаны үшін құқық бұзушыға қылмыстық жауапкершілік жүктелетінін тағы да еске саламыз",- деді Атырау облысы ТЖ жөніндегі жедел штаб.