Bugin

Ер адам қызды зорлап, 7-қабаттан итеріп жіберген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Ақтөбе облысында күдікті қызды зорлап, артынша жетінші қабаттағы балконнан итеріп жіберген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Сот 2023 жылдың 8 маусымында күдіктінің Ақтөбе қаласындағы пәтерінде алкогольдік масаң күйде бола тұра, жәбірленушіге күш қолданып, оны зорлағанын анықтады. Содан соң, сотталушыда жәбірленушіні қасақана өлтіру ойы туындаған. Сөйтіп ол зорлау қылмысын жасыру мақсатында қызды үйдің жетінші қабатынан итеріп жібереді.

"Жәбірленуші екі қолымен балконның ағаш жақтауына ілініп, құлап қалмауға тырысты, алайда сотталушы өзінің қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізу үшін жәбірленушінің екі қолының артқы бетіне доғал затпен соққы бере бастады. Алынған соққылардан кейін жәбірленуші жетінші қабат биіктігінен құлады", делінген Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.