Bugin

Өзбекстан Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев еліміздегі күрделі су тасқыны жағдайына байланысты Қазақстанға гуманитарлық көмек жіберуді тапсырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі 15 ірі жүк көлігінде азық-түлік, сыртқы киімдері, көрпелер, жастықтар, гигиеналыұ заттар, арнайы жабдықтары бар шатырлар, резеңке қайық жинақтары және басқа да қажетті тауарлар орналастырылғанын хабарлады.

"Министрлер кабинетінің өкімі қабылданды, онда гуманитарлық көмек жүктерін қалыптастыруға және оларды тиісті жерге жеткізуге байланысты ұйымдастырушылық мәселелерге баса назар аударылады", - делінген хабарламада.