Bugin

Алматы облысында жоғалған 3 адамның жағдайы белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Алматы облысында екі ересек адам мен бір бала Малайсары асуына саңырауқұлақ теруге шығып, үйлеріне оралмаған. Олардың танысы құтқарушылардан көмек сұрады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 сәуірде сағат 20:35-те Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы және кинологиялық есебі Алматы облысына туристерді іздеуге шықты. 

"21 сәуірде түнгі 1:12-де құтқарушылар саңырауқұлақ терушілерді тапты, олар медициналық көмекті қажет етпеді. Таңғы сағат 6 шамасында құтқарушылар оларды тас жолға дейін жеткізiп, көлікпен келген өтініш иесіне тапсырды", - делінген хабарламада.