Bugin

“100 пайыз толған”: Республика бойынша су қоймаларындағы жағдай

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Республика бойынша су қоймаларындағы жағдай жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап. 

Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлауынша, Ақмола облысындағы Астана және Сілеті су қоймалары 100%-ға толған. Екі нысан да штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. 

Солтүстік Қазақстан облысындағы екі ірі су қоймасы да ернеуіне дейін толды. Өңірде тасқынмен күрес тоқтаған жоқ. Петропавлда Есіл өзенінің деңгейі бір тәулікте 28 см төмендеді. 

Ақтөбе облысындағы екі ірі су қоймасындағы судың деңгейі 97%-ға толған. Өңірде жағдай тұрақты. 

Қостанай облысындағы екі ірі су қоймасы штаттық кестеге сай жұмыс істеп тұр. Батыс Қазақстан облысында 4 ірі су қоймасы бар. Олар шамамен 85%-ға толы. 

Қарағанды облысындағы 3 ірі су қоймасындағы су 98% толып тұр. Жағдай тұрақты. 

Шығыс Қазақстан облысындағы 2 ірі су қоймасы 81%-ға, Абай облысында Шүлбі су қоймасы 67%-ға толғаны анықталды.