Bugin
Фото: pixabay
Үндістан халық саны бойынша әлемде көш бастады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елде биыл1,442 миллиард халық тіркелгені анықталды.
БҰҰ мәліметінше, Үндістандағы демографиялық көрсеткіштің артуы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруымен және босану кезіндегі ана өлімі деңгейінің төмендеуімен байланысты.
Осыған дейін әлемде халық саны бойынша көш бастап тұрған Қытай Халық Республикасы болған. Алайда қазір екінші орынға түсіп қалды. Онда 1,425 миллиард адам тұрады. БҰҰ Қытайда халық саны керісінше азайып жатқанын мәлімдеген.