Bugin
Фото: Stan.kz
Белгісіз ер адам әйелге үйінің маңында шабуыл жасағн, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz-ке сілтеп.
Жантүршігерлік оқиға туралы жәбірленушінің бауыры хабарлаған. Ол әлеуметтік желіде мән-жайды мәлімдеді.
“19 сәуірде Мәскеу тұрғын үй кешенінде ер адам менің үлкен әпкеме шабуыл жасады. Ол оны көшеде аңдып, әпкем подъезге кірер алдында 5 минут бұрын өзі кіріп, үйі орналасқан қабатқа көтеріген. Әпкем 2 және 4 жастағы екі баласымен болған. Ол алдымен жемпір мен бетперде киіп кіріп, дәл сол түрімен ұрып-соғып, ақ жейде киіп 13-қабаттан түскен. Заттарымды 13-қабатқа тығып қойған. Ол қазір басын көтере алмай ауруханада жатыр. Оның басында алты тігілген жара және бас-ми жарақаты бар. Бүкіл денесі көгерген”, – деп жазды жазба авторы.