Bugin
Фото: ТЖМ
Оралдағы Жайық өзенінде су деңгейі 8 сантиметрге көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Төтенше жағдайлар министрлігі өзеннің су деңгейі 858 сантиметрді құрайтынын мәлімдеген.
Облыста құтқарушылар тәулік бойы бөгет салып, құтқару жұмыстарын жалғастыруда.
Одан бөлек, қаптарды инертті материалдармен толтыру және төсеу бойынша жағалауды қосымша нығайту жұмыстары жүргізілуде.