Bugin

Ринат Зайытов биліктегі тақталасқа байланысты тосын мәлімдеме жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: бағдарламадан скриншот

Танымал айтыскер ақын, Парламент Мәжілісінің депутаты Ринат Зайытов "bilgendurys ” бағдарламасына сұхбат берді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Зайытов мансабын өсіріп, президент болуға қызығушылығы туралы:

"Жоқ, менің ондай шамам жоқ. Мен президенттің қандай қиыншылықтармен кездесетіні туралы жақсы білемін",-деп жауап берді.

Халықтың басын қатерге тіккен шенеуніктер туралы:

"Ар-ұяты болса, мұндай күйге жеткізбейтін еді ғой. Жауапкершілігі жоқ. Оларды жауапқа тарту керек. Олар сонда ғана қояды мұндай әрекетті. Заң құдайға шүкір жетеді. Қолданып жатырмыз. Отыз жылда жоғары жақта сыбайласқан, байласқан бір орта қалыптасып алған. Анау-ананың құдасы, анау-мынаның күйеубаласы, досы, сыныптасы деген секілді тамырланып, шырмалып кеткен. Сондықтан негізгі жауапкершілікті алуы керек тұлғалар жауапкершілікке тартылуы керек",-деп жауап берді.

Ол су тасқынының себебі туралы:

"Су тасқыны неге болды? Өйткені жергілікті әкімшілік, тиісті министрлік заңсыз салынған дамбаларды бұзған жоқ. Оны халық талап етсе де. Құлыбаев сияқтылардың пәрсені жүріп тұрған соң, оларға ешкім бата алмады. Неге бұзылмады? Ол халық арасында дабыра туғызуға ыңғайлы. Қазір президенттің беделін түсіруге өте қатты жұмыс істеп жатыр. Қит етсе, «Назарбаев кезі» деген акция жүргізіп жатыр. Неге десеңіз,қазір бұрынғы билікке қатысты, өздерінің ыңғайына қарап жасалған заңдар қайта өзгеріп жатыр. Олар оны қаламайды. Олар заң жұмыс істеп жатқан жерде ақшасынан, билігінен айырылады. Сондықтан олар қайтадан билікке келгісі келеді",-деп жауап берді.

Зайытов апаттың алдын алуға атсалыса алмағанының себебін "бәрі үкіметтің бақылауында" деген сөзбен баланыстырды. Депутат ретінде мәселе көтергенімен, олардың сөзі ескерілмеген.  Ол:

"Халықпен кім санасып жатыр? Қашагн тақ талас болған кезде халықтың жағдайы есепке алынып едіі. Бәлкім содан шығар біздің атам қазақтың «мойныңда қан болмаса, хан болмайсың» деген сөз қалдырғаны. Мұндай тақталас кезінде халық  ең соңғы кезекте еске түседі. Еске түскенде бір құрал ретінде еске түседі",-деп айтты.

Ол әлі Назарбаевтың адамдары билікте екенін айтты.