Bugin
Фото: Козачков телеграм арнасы
Comfort City тұрғын үй кешенінде сенбі күні 13 жастағы қыз зорланды. Үй тұрғындары шу шығарып, күдіктіні іздеген. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Козачков телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Қылмысты көлік тұрағында жасауы мүмкін.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек күдікті қолға түскенін мәлім етті.Ол:
"Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр", - деді.