Bugin

Қазгидромет қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ТЖМ

Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Түркістан, Алматы мен Жетісу облыстарының жыраларында, орманды және таулы аймақтарында сақталған. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды.  

Синоптикалық болжамға сәйкес 20-26 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталатынын айтты. Тек кей күндері жауын шашынсыз ауа райы болады.

Кезеңнің басы мен ортасында Шығыс Қазақстан облысында, кезең аяғында Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысында түнгі сағаттарда жаңбыр қарға ұласады (20, 22-24 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында, 25-26 сәуірде Қостанай, Павлодар облыстарында, 25 сәуірде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Абай облыстарында).

Қатты жаңбыр 23, 25 сәуірде Жамбыл облысында, 26 сәуірде Түркістан, Алматы, Жетісу облыстарында жауады деп болжанып жатыр.

Дәл қазір Орал қаласында Жайық өзеніндегі су деңгейі 858 сантиметрге жетті. Бұл қауіпті шек саналады. Облыста құтқарушылар тәулік бойы бөгет салып, құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр.

 Енді Жамбыл облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Өңірде су деңгейінің көтерілуіне жауын әсер етеді. Оған қоса дауыл болып, жел күшейеді деп болжанып отыр.