Bugin

“8 градус аяз”: алдағы күндері елімізде ауа райын қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Depositphoto.com

Синоптиктер 23-25 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды. Бұл турады Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығыга сіштеме жасап хабарлайды.

Республиканың басым бөлігіне Оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп  найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқындылығы қатты болады. Тек аптаның басында  антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деген болжам бар.

Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градусқа дейін аяз. Ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді. Орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі.