Bugin

"Олай болуы мүмкін емес": Бишімбаевтың телефонынан жантүршігерлік видеолар табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан скриншот

Бишімбаев сотында бүгін оның телефоны зерттеліп жатыр. Осыған дейін оның телефонының құпиясөзін ҰҚК аша алмаған еді. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың телефонының iphone 13 pro max маркалы телефонының мазмұны зерттеліп жатыр. Телефон түске дейін қуаттағышқа қойылып, түстен кейінгі бөлімде құпиясөзі ашылды.

Жәбірленуші тараптың адвокаттары телефондағы файлдардың өшірілуіне байланысты зерттеу жасауды өтінді. Судья бейнефайлдарды бірінші болып қарап шықты. Аудио трекке қарағанда, видеода марқұм Салтанат Нүкенова бейнеленген.

Видеода Нүкенованы балағаттап, балағат сөздермен интимдік сипаттағы сұрақтар қойған Бишімбаевтың даусы да естіледі. Айыпталушының өзі бұл бейнелерді "монтаж" деп атады. Ол телефонына бұл видеоны басқа адамдар жүктеген деген нұсқа айтты.

Бишімбаев судьяға:

"Олай болуы мүмкін емес, менің түсінуімше, ол жерде менің дауысым жай ғана қосылып тұр", - деп қосты.

Судья видеода Салтанаттың үстінде тек күртесі екенін, үстінде басқа киімі жоқ екенін айтты. Видео 9 қараша күнгі сағат  06:46-да басталып, 08:24-те аяқталады.