Bugin
Фото: "Уәде" редакциясынан
"QazaqGaz" АҚ Ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешов "Jibek Joly" телеарнасындағы "Уәде" бағдарламасына сұхбат берді.
"QazaqGaz" АҚ Ұлттық компаниясының төрағасы Санжар Жаркешовтың айтуынша, аталмыш компанияның 1 миллиард доллар көлемінде қарызы бар.
"Қазіргі уақытта шамамен 1 млрд доллар көлемінде қарызымыз бар.
Бейнеу-Бозой-Шымкент магистралды газ құбырының бірінші тармағы жобасы бойынша Bank of China-ға қарызбыз. Ол негізі экономикалық өте тиімді жоба. Бұның табысы да жақсы. Соны біз қайтарып, кредиттерді жауып жатырмыз. Сондай-ақ басқа да өзіміздің жергілікті банктерге берешекпіз",-деді спикер.
Журналистің компанияға келген уақытта реформаны неден бастадыңыз деген сұрағына Ұлттық компания төрағасы:
"Біріншіден, Ұлттық компания ішіндегі көлеңкелі схемаларға қатысты мәселені көтердік. Соны азайттық. Енді қаражат біреудің қалтасына емес, компанияға түсетін болды",-деп айтты.
Санжар Жаркешовтың мәлімдеуінше, қазіргі уақытта құзіретті органдар іс қозғап, анықтау барысында.