Bugin
Фото: видеодан кадр
Еліміздегі су тасқыны жағдайы бойынша сағат 16.00-дегі ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Республика бойынша 24496 адам өз үйлеріне оралды. 8 850 адам, оның ішінде 3 840 бала эвакуациялау пункттерінде.
"11,5 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,3 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді. 4608 тұрғын үй мен 2774 аула аумағынан су бұрылып, сорылды", делінген хабарламада.