Bugin
Фото: freepik.com
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева журналистерге берген сұқбатында танымал TikTok әлеуметтік желісін бұғаттау ықтималдығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Аида Балаева әлеуметтік желідегі жалған ақпараттардың көбейгенін айтты.
"Атап айтқанда, қазір TikTok-тың жұмысы қызу жүріп жатыр. Біз бұл мәселені зерттеп жатырмыз. Менің ойымша, мен министр ретінде айтып отырмын, бұл мәселені (бұғаттау – ред.) қарастыруымыз керек, өйткені біз бұған басымызбен кірудеміз, оның үстіне оны балалар да қарап отыр", – деді ол.