Bugin

Енді блогерлер мен танымал тұлғаларға құмар ойынды жарнамалауға тыйым салынады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: freepik.com

Әлеуметтік желіде букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалаған блогерлерге айыппұл салына бастайды. Бұл туралы Мәжілістің 22 сәуірдегі жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Ойын бизнесі, лотереялар және лотерея қызметі мәселелері жайлы заң жобасы  енгізілді. Депутат Елнұр Бейсенбаев букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалағаны үшін блогерлер 60 АЕК мөлшерінде, яғни 221 520 теңге көлемінде айыппұл төлеуге тиіс болатынын айтты. 

"Ешқандай блогер немесе танымал азамат әлеуметтік желі арқылы букмекерлік кеңселер мен казиноларды жарнамалай алмайды. Олар әлеуметтік желіде спорттық іс-шаралар туралы жазба жариялай алады, бірақ жарнамаға шектеу қойылады", - деп түсіндірді ол.