Bugin

“3 күннен соң”: Жайықтың деңгейі қауіпті межеден 1 метрге дейін асуы мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ашық дереккөз

Батыс Қазақстанда жағдай әлі тұрақсыз. Сәуірдің 25-26 күндері Оралдағы Жайық өзенінің деңгейі қауіпті межеден 1 метрге дейін асуы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, қазір Орал қаласы тұсындағы Жайықтың деңгейі 8 метр 63 см, яғни қауіпті межеден 13 см-ге асқан. Ал Көшім ауылы тұсындағы деңгейі қауіпті межеден 4 см-ге жоғары.

Қазір Жайық суының көтерілуіне байланысты өзенді бойлай орналасқан 84 елдімекенге қауіп төніп тұр.