Bugin
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі
Су тасқыны кезінде үш сібір жарасы көмілген жерді су басты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.
"Қазіргі уақытта бізде Мәртөк, Әйтеке би және Темір өңірлерінде сібір жарасының көмілген жері бар. Олардан сынама алынды. Әзірге жұмыс жалғасуда”, – деді Ақтөбе облысының ветеринария басқармасы.
Қазір санитарлық дәрігерлер сібір жарасы көмілген орындардың жағдайын тексереді.
"Біздің облыста 122 сібір жарасының жерленген орны бар. Өткен жылы 178 топырақ сынамасы зерттелді, олардың барлығы теріс”, – деді Ақтөбе облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Райхан Қойшанова.
Облыстағы су тасқыны салдарынан Ойыл ауданындағы 3 мал қорымы мен 2 зират су астында қалды. Су тартылған соң мамандар бұл жерлерді дезинфекциялауды көздеп отыр.