Bugin

“Адам шығыны бар”. Автожолда жол апаты болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Павлодар-Семей автожолында жол апаты болды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Салдарынан бір ер адам көз жұмды.

Қайғылы оқиға өткен түнде болған. Апат салдарынан дене сүйегі бірнеше жерден сынған жүргізуші ауруханада қайтыс болды. Ажал себебі автожолда жеңіл көліктің қатты жылдамдықпен келе жатып, жол шетіне түсіп кетуі мүмкін дейді мамандар.

"Апат салдарынан көлік жүргізушісінің дене сүйектері бірнеше жерінен сынып, ауыр жарақат алған. Жедел жәрдем бригадасы 28 жасар азаматты Аққулы аудандық ауруханасына жеткізді. Алайда зардап шеккен азаматты аман алып қалу мүмкін болмады", - деп мәлімдеді жедел жәрдем стансасынан.