Bugin

Елімізде кімдерге 550 мың теңге берілетіні белгілі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Үкімет отырысында су тасқыны мәселесі мен елдегі қазіргі ахуал айтылды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.

Қазақстан және шетел жаңалықтарын бірінші болып біздің Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай және Павлодар облыстарында қазір су тасу қаупі жоқ. Ең қиын жағдайда болған Петропавл және Құлсары қалаларында су тартыла бастады. Премьер-министрдің айтуынша, дәл қазір 1 мыңға жуық отбасы 100 айлық есептік көрсеткіш (369 200 теңге) мөлшерінде төлем алған.

Олжас Бектенов:

"Бұл – үлкен жұмыстың басы ғана. Оған қосымша тағы 150 айлық есептік көрсеткішке (553 800) дейін төлейміз. Оған адамдар тоңазытқыш, үстел, орындықтар, ыдыс-аяқ, киім-кешек сияқты жоғалған бірінші кезектегі қажетті заттарды сатып ала алады", -деді.