Bugin
Фото: Дина Таңсәрі парақшасынан алынды
Ақтөбеде эндокринолог қызды белгісіз ер адам өлтіріп кеткен. Бұл туралы NeMolchi.kz қоғамдық қорының басшысы Дина Таңсәрі мәлімдеді.
Ақтөбе облыстық полиция департаменті:
“Адам өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, - деп хабарлады.
Қыз – эндокринолог. Бұл салада 9 жыл оқыған. Бір жігіт оны соңынан күзетеді. Кеше балконнан қыздың үйіне кіріп, пышақтап кеткен. Туыстарының айтуынша, күдікті оның көлігін ұрлап кетіп, жол апатына ұшыраған соң ұсталған.