Bugin

"Бишімбаев ісі": сотқа тосын куәгер келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Бүгін Астанада Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Қуандық Бишімбаев оқиға болған күні сөйлескен блогер Гүлнар Насырбекова сотта сөз сөйлеп жатыр,  деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты "Бишімбаев сізден киім ауыстырып, бейнебақылаудың астынан өтуін сұрады ма?" деп сауал қойды. Ол "жоқ" деп жауап берді. 

"Бишімбаев екеуміз гольф клубының мүшесіміз. Ол мені 3 қарашада гольф ойнауға шақырды. Біз 8 қарашада кездесеміз деп жоспарлаған едік. Артынша 9 қарашада кездесеміз деп шештік. Мен кешке құрбыларыммен моншаға баратын болғандықтан, 9 қарашада түстен кездесеміз дедік", - дейді Гүлнар Насырбекова. 

 Гүлнар "BAU" мейрамханасына келген кездегі жағдай туралы айтты.

"Орталық есік жабық тұрды. Бишімбаев асхана жақтан шығып, вип-бөлме жаққа апарды. Менің блогым, жарнама туралы сұрай бастады. Негізі жарнама жасамайтынмын. Менің қызым бар, оның өзі блогы бар. "Біз қызыңызбен жұмыс істеп көрсек" деді", - дейді  ол. 

Оның сөзінше, олардың әңгімесі кезінд Бишімбаев бірнеше рет сыртқа шығып кеткен. 

Гульнар "Бірінішіден мен де анамын" деп сөз бастаған еді, оның сөзін судья бөліп тастады. Судья куәгерден нақты сұраққа жауап беруін сұрады. 

Естеріңізге сала кетейік, сот отырысы ертең Астана уақытымен 09:00-де жалғасады.