Bugin

Су тасқынынан зардап шеккендерге қандай қосымша көмек көрсетіледі?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсетеді.  Бұл туралы ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов түсіндірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
 
Үкімет су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға бүлінген үй заттарын өтеу бойынша қосымша көмек көрсету туралы шешім қабылдады.   
 
Бұл тоңазытқыш, ас үй плитасы, үстел, орындық, кереует, кір жуғыш машина, теледидар немесе радио, сумен жабдықтау және жылыту құралдары.  
 
Келтірілген залалды өтеу жергілікті әкімдіктер жанындағы тиісті комиссияның шешімі негізінде жүргізілетін болады. Зардап шеккендердің мүлкі 150 АЕК-тен аспайтын мөлшерде өтеледі.  


 
"Тұрғындар көмекті мүліктің зақымдану сипатына қарай, біреу 150 АЕК, біреу 50 немесе 80 АЕК және т.б. ала алады. Су тасқынынан зардап шеккен барлық отбасыларға төленетін 100 АЕК көлеміндегі біржолғы төлеммен шатастырмауды сұраймын", - деп атап өтті ТЖ вице-министрі Бауыржан Сыздықов.

Видеоны толық осы сілтеме арқылы көре аласыз.