Bugin

“50 жылда болмаған су тасқыны“: 4 адам қаза болды (ВИДЕО)

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Видео скрині

Қытайда өзендердің суы ең жоғары деңгейге көтерілді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Видеоны мына сілтемеден көре аласыз.

Қытайдың Гуандунь провинциясының билігі 127 миллион адамды тасқыннан қорғау жоспарын жасақтады.

Қатты жауған нөсер жаңбырдан үлкен өзендердің суы соңғы 50 жылдағы ең жоғары деңгейге көтерілген.

Сондықтан провинция аумағында 110 мыңдай адам қауіпсіз жерге көшірілді. Алайда 40 мыңдайы су басқан аудандардан кете алмай жатыр.

Су  апатынан 4 адам қаза тауып, оннан астам тұрғын жоғалып кеткен.