Bugin
Фото: freepik.com
ШҚО-да келіні енесінің атына несиені заңсыз рәсімдеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Almaty.tv арнасына сілтеме жасап.
Зайсан полиция бөліміне 67 жастағы жергілікті тұрғын алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Оның айтуынша, келіні оның атына жасырын түрде 2,5 миллион теңгеден астам несие рәсімдеген.
Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті мүлкін тәркілеумен, 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.