Bugin

"Жел, бұршақ, жаңбыр": Ел аумағында ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ашық дереккөзден

Еліміздің бірнеше облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қазгидромет 24 сәуір күні Ақмола облысында екпіні 15-20 м/с жел соғады. Ал Астанада желдің екпіні 15-20 м/с-ке жететіні болжанды.

Жетісу облысында екпіні 25 м/с-ке дейін жел соғады. Қызылорда облысының орталығында және солтүстігінде жел соғып, найзағай ойнайды.

24 сәуір күні Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін екені болжанып отыр.

Ал Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында найзағай ойнайды.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында найзағай ойнайды.

Синоптиктердің болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысында түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады.

24 сәуірде Түркістан облысының кей аудандарында найзағай ойнап, көктайғақ болуы мүмкін екені болжанды.