Bugin

"Жаттығу кезінде". Екі тікұшақ соғысып, 10 адам көз жұмды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: iz.ru

Малайзияның Лумут қаласында екі тікұшақ құлады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы iz.ru-ға сілтеп.

Елдің Корольдік теңіз күштерінің 90 жылдығына орай әуе шеруі алдындағы жаттығу кезінде тікұшақтар соғысты. Салдарынан 10 экипаж мүшесі қаза тапқаны анықталды. 

Желіде тараған видеода бір тікұшақ екіншісінің бұрандасына ілініп, артынша екі тікұшақ та жерге құлаған сәті көрсетілген.

Бір тікұшақ спорт стадионының баспалдағына құласа, екіншісі стадион жанындағы бассейнге құлаған.