Bugin

Қарағандыда жоғалып кеткен балықшы өлі күйінде табылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: ІІМ 

Қарағанды облысында жоғалып кеткен балықшы өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ekaraganda.kz басылымына сілтеп.

Балықшы 31 наурыз күні Самарқан су қоймасында жоғалған. Оның 19 сәуір күні өлі табылғаны белгілі болды.

"Теміртау қаласындағы Самарқан су қоймасы, "Изба" демалыс аймағында 19 сәуірде сағат 12.20-да төтенше жағдайлар қызметінің күштері қамыс арасындағы су бетіне қалқып шыққан 1960 жылы туған ер адамның денесін тапты", - деп хабарлады департаменттегілер.