Bugin

Қазақстандық азамат 22.00-ден кейін үйінен шыққаны үшін қамауға алынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: grafxart8888 / Getty Images

Абай ауданында өзіне белгіленген қадағалау тәртібін бұзып, кешкі сағат 22.00-ден кейін үйден шығып кеткен. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі  nur.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адам әкімшілік қадағалауға алынды. Оған кешкі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін үйден шығуға тыйым салынды.

Сот:

"Мемлекеттік әкімшілік қадағалауда тұрған адам» санаты бойынша есепте тұрған азамат сот тыйым салған уақытта үйінен шығып кеткен. Сараптама сондай-ақ каннабиноидтарды қолдану фактісін анықтады", - деп хабарлады.

Сот қаулысымен ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған 4 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды. Қаулы күшіне енді.