Bugin

Қарағандыда 23 жастағы жігіт адам толы газельді тісімен 20 метр сүйреді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: КТК телеарнасы

Қарағанды облысындағы колониялар арасында спартакиада өтті. Қарабастағы түрмеде 23 жастағы жазасын өтеуші ішіне адам толы жүк көлігін тісімен сүйреп, көпшілікті таңқалдырды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Рахат Үшкемпір ішінде адамы тола газельді тісімен жиырма метрге дейін сүйреп тастады. Бұл оның жалғыз қыры емес. Дүлей күш иесі екі жүз келіні қиналмай көтеріп, шағылған шынының үстінде жүре алады. Отпен де ойнай алады екен. Сондағы өзінің салмағы алпыс келі ғана. Айтуынша, қара күш ата - бабасынан дарыған. Сондықтан арнайы жаттығу да жасамайтын көрінеді. Түрмеде ондай жағдай да жоқ. Оның бұл жасағаны камераластарын ғана емес, білікті споршыларды да таң қалдырды. Өзінің айтуынша, өнерін тек жұрт тамашалауы үшін ғана көрсетеді. Басқа уақытта сабырлы, ешкіммен қақ-соғы жоқ екен. Түрмеге дейін көлік жүргізушісі болған. Бар арманы – жазасын өтеп, аман-есен жақындарына оралу.

Жазасын өтеуші Рахат Үшкемпір:

"Білмеймін, бала кезден ғой ғой. Осындай күш бар — қара күш. Міне, үш жыл болды ма, тарпағанмын, әлде екі жылдан асып кетті. Үш жыл болды ау деймін. Бұрын осыны әкеммен бәс тігісіп ойнап жүріп көргенмін. Қызыққан жоқпын, әкеммен бәстесіп ойнап көрдім, содан тартып кеттім. Басқа бір жерге қатысып, грамота алам деген ой болған жоқ",-деді.