Bugin

Су тасқыны: еліміздегі дәл қазіргі ахуал қандай?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: видеодан кадр

Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына байланысты еліміздегі дәл қазіргі ахуал туралы айтты,-деп хабарлайды Bugin.kz тілшісі.

Дәл қазірге дейін республика бойынша 31112 адам өз үйлеріне оралды. 8 566 адам, оның ішінде 3 718 бала эвакуациялау пункттерін паналап отыр.

Ведомство хабарламасында: 

" 5677 тұрғын үй мен 2584 аула аумағынан су бұрылып, сорылды. 11,7 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 5,5 млн қапшық және 1,5 млн астам тонна инертті материал төселді",-делінген.