Bugin

4,5 шақырым биіктен құлаған қыз тірі қалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Австралиялық қыз 4,5 шақырым биіктіктен құлап аман қалды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі zamon.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Эмма Кэри есімді бойжеткен Швейцарияның Альпі тауларында парашютпен секіру туралы арманын орындауға бел буды.

Алайда парашюттің ақауы салдарынан нұсқаушы екеуі жерге құлаған. Қыз алғашында белінен төмен сал болып қалған. Дәрігерлер енді аяққа тұруынан үмітін үзуді айтқан.  Эмми берілмей жүруге және қалыпты өмірін жалғастыруға тырысты.

Бұл оқиға оның өмірін қалай өзгерткенін айта келе, ол қазір әр күн мен әр минуттың қадірлеп өмір сүруді үйренгенін айтты. Ол:

"Ол кезде мен өмір сүруге небәрі 10 секунд қалды деп ойладым. Осыдан кейін өмірім шынымен өзгерді, енді мен әр күнді өмір сүруге қосымша уақыт ретінде сезінемін", - дейді.