Bugin
Фото: ТЖМ
21 сәуір күні Балқаш ауданында "Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты" РММ аумағында құрғақ шөп пен қамыс өрті орын алды. Ол өрт бүгін ауыздықталды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі ТЖМ ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды.
Авиациялық техниканы пайдалану және жетуі қиын жерлерге орман шаруашылығының қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді жеткізу сияқты қабылданған шаралардың арқасында жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы аман қалды. Шымтезек, жетуі қиын, батпақты жерлер және үнемі өзгеріп отыратын қатты желдің болуы өрт ошақтарын сөндіру жұмыстарын қиындатқан.
Ведомство хабарламасында:
"11-30-да өрт оқшауланды, өрттің ауданы 31 гектарды құрады. Зардап шеккендер жоқ. "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағымен 17 рет су төгілді, 21 сәуірден бастап 114 рет су төгілді, барлығы 342 тонна. Өрттің себебі анықталып жатыр",-делінген.