Bugin
Фото: barmysyn_bauyrym_qazaqstan инстаграм парақшасынан алынды
"Бармысың, бауырым?" бағдарламасына Нұргүл Дәулетханова 6 жыл бұрын жоғалған бауырын іздеп хабарласқан. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі хабарлайды.
Нұртазаев Мейіржан Даулетханұлы 1984 жылдың 10 наурызында дүниеге келген. Ол 2018 жылдың 18 наурызында Алматы обылысы Іле ауданы Байсерке ауылындағы Степная, 8 мекенжайында орналасқан үйден шығып кеткен. Ол осы үйді екі баласымен, әйелімен жалдап тұрған. Тура сол күні өзінің анасы тұратын сол Іле ауданы Байсерке ауылындағы Сатпаев, 36 мекенжайындағы үйде тұратын анасына баруға шыққан, бірақ үйге жетпеген.
Туыстары сол күннен бері шарқ ұрып іздеп жүр. Бірақ әлі күнге дейін табылмаған. Отбасы, туыстары мен балалары әлі күнге дейін үмітін үзбей, күтіп жүр.