Bugin

Шығыс Қазақстанда жер сілкінісі болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Зайсан ауданы, Тасбастау ауылында жер сілкінісі болды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми ақпаратына сілтеме жасап хабарлайды. 

Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 760 км жерде орналасқан.

Ведомство хабарламасында:

"ҚР ТЖМ "СБЗҰҒҰ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 24 сәуірде Алматы уақытымен 11 сағат 19 мин 45 сек жер сілкінісі тіркелді",-делінген.  

MSK-64 шкаласы бойынша ШҚО-ның Зайсан ауданы,Тасбастау ауылында 2 баллдық жер сілкінісі байқалған. Зардап шеккендер мен қираулар жоқ.