Bugin

Түркістан облысында кәмелетке толмаған жігіт оқушы қызды зорлаған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Түркістан облысына қарасты Төле би ауданындағы ауылдардың бірінде кәмелетке толмаған бала мектеп оқушысын зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Полиция аталған оқиға бойынша іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

"Күдікті кәмелетке толмаған жергілікті тұрғын ұсталып, уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сараптама тағайындаумен қатар қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліліп жатыр. Барлық жағдайлар анықталады. Тергеу мүддесі үшін өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", - делінген облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.

Әлеуметтік желіде 10-сынып оқушысы 9-сыныпта оқитын оқушы қызды зорлағаны туралы ақпарат тарап жатыр.