Bugin

Елімізде 25-27 сәуір аралығында ауа райы қандай болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Синоптикатер 25-27 сәуір аралығына ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz тілшісі Қазгидромет орталығына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оңтүстік циклонның әсерінен 25-27 сәуір аралығында еліміздің оңтүстік жартысында, 25 сәуірде еліміздің солтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынды, солтүстік-батыста қиырында түнгі уақытта жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.  Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Бұршақ жаууы мүмкін. Қалған аумақта антициклон жотасы әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша екпінді жел соғады, түнде солтүстік және шығыс облыстарда тұман түседі.

Суық фронт бірте-бірте еліміздің оңтүстік облыстарына ауысады. Ол жақта ауа температурасының түнде 0-12 градусқа дейін, күндіз 10-20 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Солтүстік облыстарда суықтың шарықтау шегі сақталады. 25 сәуірде солтүстікте термометрлер түнде 0-8 аязға дейін, күндіз 5-13 градусқа дейін төмендедеуі күтіледі. Содан кейін солтүстікте күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарлауын бастайды.