Bugin

Алматыда қыз зорлаған танымал фотограф сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Esquire.kz/Коллаж Ulysmedia.kz

Алматы қалалық Медеу ауданының № 2 аудандық сотында зорлау ісі бойынша айыпталған 34 жастағы Азамат Кенжеғұловқа қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

2023 жылғы 8-наурыздан 9-на қараған түні Азамат Кенжеғұлов қаланың түнгі клубтарының бірінде өзінің құрбыларымен демалып жүрген танысы О-мен кездескен. К. оны үйіне шығарып саламын деген сылтаумен өз пәтеріне әкелген Әрі қарай, жәбірленушінің дәрменсіз күйін (алкогольдік мас болу) пайдаланып, зорлық-зомбылық көрсетіп, жәбірленушінің еркінен тыс жыныстық қатынас жасаған. 

Сотталушы К. кінәсін мойындамады. Сонымен қатар ол соттан оны ақтауды немесе бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады.Прокурор сотталушыны кінәлі деп тануды және 5 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушының кінәсі іс бойынша жиналған сараптамалардың қорытындылары, жәбірленуші мен куәгерлердің айғақтары арқылы дәлелденді. Сот үкімімен К. ҚК-нің 120 бабы 1 б. бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды. Сотталушы жазасын қауіпсіздігі орташа қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.