Bugin

Бишімбаев қорғаушылары Нүкенованың өліміне қабырғаның қатысы барын айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Жоғары Сот

Бишімбаевтың қорғаушылары Салтанат Нүкенованың өліміне кірпіштен тұрғызылған қабырғаның қатысы бар нұсқаны ұсынды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы. 

Айыпталушы Бишімбаевтың адвокаты Ғазымжанов BAU мейрамханысының бейнебақылауымен сот кешенді фототехникалық сараптама жүргізуі туралы өтіініш хатты ұсынды. 

"Мейрамхана залындағы бейнежазбада алақанмен болған соққыдан Нүкенованың басы кірпіш қабырғаға тигенін көруге болады. Қабырғаға Нүкенованың басының миға қан құйылған бөлігі тиген", - дейді ол. 

Жәбірленушінің өкілі Игорь Вранчев қорғаушылар Салтанаттың өліміне кінәлі болуы мүмкін объектіні өзгерткеніне назар аударды.

"Айыпталушы тарап бізді тағы да жаңлыстырмақ. Айтылып тұрған шығатын жалғыз дүние унитаздың кінәсі жоқтығында. Енді бейнебақылау камераларында түсірілген Салтанатты ұрып-соққан кездегі залдағы қабырға кінәлі болып шықты",  - дейді Вранчев. 

Судья қорғаушылардың өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.