Bugin

Маңғыстауда мүгедектерді қайыр сұрауға мәжбүрлеген

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos

Маңғыстауда мүгедектігі бар адамдарды қамауда ұстап, қайыр сұрауға мәжбүрлеген, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бұл туралы Маңғыстау облысы прокуратурасы хабарлады.

«Маңғыстау облысы прокуратурасы мүгедектігі бар адамдарды қайыр сұрауға мәжбүрлеп, оларды заңсыз ұстау фактісін анықтады», — деп жазылған хабарламада. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.