Bugin
Фото: freepik.com
Кенияда су тасқынынан 40-қа жуық адам қаза тапты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Елде толассыз жауған жаңбырдан кейін алапат тасқын жүрген. Салдарынан 38 адам қаза тапты. Ғимараттар, жолдар қираған.
Су тасқынынан елдің бірқатар өңірі орасан зардап шеккен. 11 мыңнан астам тұрғын үйлерінен кетуге мәжбүр болды.
Кениялық синоптиктердің мәліметінше, алдағы апталарда тағы нөсер жауын жауып, тасқын жүруі ықтимал.