Bugin

Су тасқынының салдарын жоюға бөлінген қаржыны жымқырғандар туралы жаңа дерек шықты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

Қаржы мониторингінің өкілі су тасқыны салдарымен күресуге бөлінген ақшаны жымқырған шенеуніктер туралы жаңа деректі бөлісті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Қаржы агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов су тасқыны кезінде жымқырылған 1 млрд теңгеге қатысты қозғалған қылмыстық істердің жай-жапсарын кулуарда айтты.

"Біздің ведомство бүгінде гидроқұрылыстар салуға бөлінген бюджет ақшасы бойынша төрт қылмыстық іс тіркелген. Аймақтар - Ұлытау облысы, Алматы облысы, Ақтөбе облысы және Қызылорда облысы. Бұл қылмыстық істердің көп бөлігі бюджет қаражатын ұрлау деректері бойынша тіркелген", - деді Жеңіс Елемесов Мәжіліс кулуарында.

Журналистерге жауап берген орынбасар қаржыны жымқырғандардың лауазымын да жасырмады.

"Күдіктілер - тиісті тендерлерді алған кәсіпкерлер, сонымен қатар жұмыстың аяқталуы туралы куәлікке қол қоюға қатысқан лауазымды тұлғалар бар", - деді агенттік төрағасының орынбасары өз жауабында.