ДЕНСАУЛЫҚ

“Мәңгілік өмірдің кілті": ДНҚ-ның қандай құпиясы бар?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Фото: depositphotos.com

Бүгін, 25 сәуір – халықаралық ДНҚ күні. Адамдардың сыртқы келбеті, кей ауруы мен әдеттері туралы ақпараттар гендерге кодталып, ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Әр адамның ішкі, сыртқы әлемінде ДНҚ-ның жасырған қандай құпиясы бар? Bugin.kz тілшісі осы туралы қызық деректер ұсынады.

- ДНҚ – дезоксирибо-нуклеин қышқылы.  Ол – сіздің денеңіздің негізгі жасаушысы. Тіршіліктегі әрбір түрдің ДНҚ-сы ерекше, сондықтан адамдар тек адамдарды, кенгурулар тек кенгуруларды ғана көбейте алады.  

- Егер күн сайын 8 сағатыңызды арнап,  секундына бір сөзді терсеңіз, адам геномын теру үшін сізге 50 жыл қажет болады.

- Егер адамға сүйек кемігін трансплантацияласа, қанында донордың ДНҚ-сы да сақталады.

- Ата-ана мен баланікі сияқты ағайындылардың да генінің 50%-ы ұқсас болады. 

- Біздің денеміздің жасушаларында ДНҚ күніне шамамен миллион рет зақымданады. Адам денесіндегі қалпына келтіруге арналған күрделі жүйе арқылы бәрі реттеліп отырады.

- Халықаралық ғарыш станциясында "өлмейтін диск" деп аталатын қатты диск бар. Онда жаһандық апат жағдайында Лэнс Армстронг пен Стивен Хокинг сияқты адамдардың ДНҚ-сы бар.

- Адам ДНҚ-сының шамамен 40% -ы эволюцияның басында ата-бабалары жасушаларын жұқтырған ежелгі вирус қалдықтарынан тұрады.

- Шамамен 2 грамм ДНҚ әлемдегі барлық цифрлық сақталған ақпаратты қамтуы мүмкін. Бұл – деректерді сақтаудың өте ықшам тәсілі.

- Адамдардың ДНҚ-сы 99,9 пайызға бірдей. Айырмашылық тек 0,1 пайызды құрайды.

- Брук Гринберг 20 жасында қайтыс болған. Оның түрі бір жасар сәби сияқты болған. Оның дамуы 11 айлығында тоқтап қалғандай еді. Бойжеткен өссе де, оған ешкім көмектесе алмаған. Ғалымдар оның ДНҚ-сында "мәңгілік өмірдің кілті" болуы мүмкін деп болжам жасаған.