Bugin
Фото: ашық дереккөз
Қостанай облысында 303 үй қалпына келтіруге жарамайды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Қазақстан Ұлттық арнасына сілтеме жасап.
Жалпы аймақта 672 үйді су басқан. 9226 тұрғын құтқарылды. 1114 тұрғын үйді тексеруге өтініш түскен. Бағалау комиссиясы 864 тұрғын үйге тексеріс жүргізді. Қостанай облысы бойынша 303 үй қалпына келтіруге келмейді.
Облыс бойынша 1720 адам 635 млн теңгеге әлеуметтік көмек алды.